Астанада полиция Айтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің подъездегі терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол — 43 жастағы елорда тұрғыны, Ақмола облысының тумасы Тимур Жунусов болып шықты.
Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.