Астанада бойжеткен лифт ішінде бейтаныс ер адамның тиісіп, кейін тепкенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Полиция күдікті ер адамды анықтап, істі сотқа жолдады, деп хабарлайды ult.kz.
Бойжеткеннің айтуынша, ол дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда, артынан көлік еріп келе жатқанын байқаған. Кейін бейнебақылау жазбасын көріп, көліктегі ер адамның соңынан лифтке дейін барғанын анықтаған.
Оның сөзінше, лифт ішінде ер адам бірнеше рет оған тиіскен. Бойжеткен қарсылық білдіргенімен, ол әдейі артында тұрып, сыртқа шығар кезде тепкен.
Оқиғаға қатысты Астана қаласы полиция департаментінің Нұра аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізген.
«Құқық бұзушы анықталды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция.