Freedom Inside '26

Астанада грант уәде еткен күдікті 4 млн теңге алған: күдікті ұсталды

Астанада грант уәде еткен күдікті 4 млн теңге алған: күдікті ұсталды
inbusiness.kz

Астанада өзін консалтингтік компания қызметкері ретінде таныстырып, мемлекеттік грант рәсімдеуге көмектесемін деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, қысқа мерзім ішінде мемлекеттік грант алып беруге уәде еткен. Ол грантты мақұлдату, құжаттарды әзірлеу және түрлі ұйымдастыру шығындарын алға тартып, бірнеше рет ақша алған.

Алайда уәде етілген грант рәсімделмеген. Полицейлердің айтуынша, алынған қаражат күдіктінің жеке қажетіне жұмсалған.

Салдарынан жәбірленуші 4 миллион теңге көлемінде материалдық шығынға ұшыраған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары күдіктінің осыған ұқсас өзге де алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.