Астанада автокөлік сауда павильонына соғылды: жасөспірім қыз жарақат алды

Астанада автокөлік сауда павильонына соғылды: жасөспірім қыз жарақат алды
Видеодан скриншот

Астанада жеңіл автокөлік көкөніс сататын дүңгіршекке соғылып, салдарынан 15 жастағы қыз жарақат алды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік тізгінінде 18 жастағы жүргізуші болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші Есіл ауданындағы Аманжол Бөлекпаев көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай, көкөніс сататын павильонға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде дүңгіршектің ішінде болған 15 жастағы қыз түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.