Астанада екі апалы-сіңлілі күйеулерімен бірге ұйымдастырған притондар желісінің жолы кесілді. Елорда прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топ құрамында 15 адам болған, деп хабарлайды ult.kz.
Тергеу дерегіне сәйкес, күдіктілер 2023–2025 жылдары бірнеше пәтерді притон ретінде пайдаланған. Топ құрамында әкімшілер, күзетшілер және жарнамамен айналысқан адамдар болған.
Прокуратураның мәліметінше, олар түнгі клубтардан қыздарды алдап шақырып, кейін клиенттерді бопсалаған және қыздарды пәтерлерде заңсыз ұстаған. Іске кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту фактілері де қатысты.
Қылмыстық іс бойынша 15 күдіктінің барлығы ұсталып, қамауға алынған. Қазір іс сотқа жолданды. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденуі тиіс.