Астанада адамға оқ атқан ер адам 5 жылға сотталды

Астанада адамға оқ атқан ер адам 5 жылға сотталды
Ашық дереккөзден

Астанада жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Прокуратура мәліметінше, сотталушы алдымен әуеге екі рет оқ атқан. Кейін қаруын жәбірленушіге бағыттап, оған қарай оқ атқан. Алайда азамат қашып үлгеріп, жарақат алмаған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Нәтижесінде оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура қоғамдық тәртіпті бұзу, күш қолдану немесе қару қолдану арқылы қорқыту үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.