Астанада әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде тосын жағдай тіркелді. 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешіп жіберген, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Өскемен қаласының тұрғыны, 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев болып шыққан.
Полицияның мәліметінше, ер адам бұл әрекетімен қоғамдық орында өзін-өзі ұстаудың жалпыға ортақ нормаларын бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Осыған байланысты оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағылардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге шақырды. Қоғамдық тәртіпті қасақана бұзған жағдайда заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылған.