Қазақстан киберспорт федерациясы 2027 жылы киберспорттан әлем чемпионатының (IESF World Esports Championship 2027) Астанада өтетінін жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл Қазақстан үшін киберспорт саласындағы маңызды жетістіктердің бірі саналады. Бұған дейін елордада әлемнің үздік командалары қатысқан PGL Astana турнирі өткен болатын. Енді Астана әлемнің түкпір-түкпірінен келетін ұлттық құрамаларды қабылдайтын ең ірі киберспорт додасына да үй иелік етеді.
2027 жылғы әлем чемпионаты келесі ойын түрлері бойынша ұйымдастырылады:
Counter-Strike 2;
Dota 2;
Mobile Legends: Bang Bang;
PUBG MOBILE;
eFootball;
Tekken 8.
Қазақстан киберспорт федерациясының мәліметінше, әлем чемпионатын өткізу елдегі киберспорт инфрақұрылымын дамытуға, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәжірибесін арттыруға және Қазақстанның әлемдік киберспорт картасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.