Астанада 2005 жылғы кісі өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды

Астанада 2005 жылғы кісі өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды
Видеодан скриншот

Астанада 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысының мән-жайы анықталды. Полиция күдіктілерді биыл ғана қолға түсірді, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің мәліметінше, 2005 жылы Астанада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда сол кезде қылмысты ашуға қажетті айғақтар жеткіліксіз болған.

Арада жылдар өткен соң полиция істі қайта қолға алған. Биыл мамандар архивтегі материалдарды қайта қарап, қосымша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғыны анықталған. Күдіктілер тамыз айында ұсталып, өз кінәларын мойындаған.

Қазіргі уақытта екі күдікті де қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылдары жасалған, бірақ ашылмай қалған қылмыстарды анықтау полицияның ерекше бақылауында.