
Фото: lk-stuido.com
Астанада түркі елдерінің шахматтан алғашқы командалық чемпионаты басталды. Турнир ерлер, әйелдер және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтуде.
Әр санатта 7 құрама бақ сынасады: Әзербайжан, Қазақстан (иесі ретінде әр турнирде екі құрамадан), Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан. Команда құрамы: 4 негізгі ойыншы, 1 запас ойыншы және капитан.
Бұл елдердің аумағында шамамен 170 миллион адам тұрады. Олардың әлемдік шахмат картасындағы маңыздылығын Олимпиадалар мен әлем чемпионаттарындағы командалық және жеке жетістіктері айқын дәлелдейді.

Фото: lk-stuido.com
«Қазақстан өңірде алғашқы болып түркі әлемінің жаңа турнирін қабылдап отыр. Оның Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоганның Астанаға сапарымен тұспа-тұс келуі де символдық мәнге ие. Мемлекет басшысының саясатының арқасында Қазақстан түркі кеңістігіндегі позициясын үздіксіз нығайтуда. Шахмат та осы дипломатияның маңызды бөлігіне айналып отыр. Бұл енді жай спорт емес, елдеріміз арасындағы достықтың тірі көрінісі», — деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Ұйымдастырушылар: Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE), Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы (Kazchess), Қазақ ұлттық спорт университеті және Астана қаласының әкімдігі.
Генеральды серіктес — Freedom Holding Corp.
Чемпионат үш санат бойынша (ерлер — Men, әйелдер — Women, 16 жасқа дейінгілер — Youth U16) шеңберлік жүйемен өтеді. Уақыт бақылауы — «жаңа классика»: 45 минут + әр жүріске 30 секунд.
Қазақстанның құрамалары:
Ерлер: Қазақстан-1: GM Қазыбек Нөгербек (2525), GM Денис Махнёв (2558), IM Алдияр Ансат (2488), GM Алишер Сүлейменов (2507), IM Даниял Сапенов (2458). Капитан — GM Ануар Исмағамбетов.
Қазақстан-2: IM Жандос Ағманов (2473), GM Рамазан Жалмаханов (2464), IM Сатбек Ахмединов (2331), IM Арыстан Исанжулов (2398), IM Ерғали Сүлеймен (2396). Капитан — IM Арыстанбек Уразаев.
Әйелдер: Қазақстан-1: IM Алуа Нұрман (2443), IM Меруерт Қамалиденова (2389), WGM Ксения Балабаева (2355), WIM Елназ Қалиахмет (2314), WIM Зарина Нұрғалиева (2279). Капитан — GM Павел Коцур.
Қазақстан-2: WGM Лия Құрманғалиева (2346), WIM Асель Серікбай (2240), WIM Аяулым Қалдарова (2105), WFM Айару Алтынбек (2216), WFM Аланна Берікқызы (2142). Капитан — GM Александр Моисеенко.
Жасөспірімдер (U16): Қазақстан-1: IM Сауат Нұрғалиев (2464), GM Эдгар Мамедов (2470), FM Дінмұхаммед Төлендінов (2283), WFM Мария Холявко (2202). Капитан — GM Борис Грачёв.
Қазақстан-2: FM Назар Талғатов (2331), FM Алдияр Жауынбай (2243), Нұрмұхаммед Кабиназар (2322), Асия Асылхан (1999). Капитан — GM Евгений Владимиров.
Бәсекелестер құрамында да әлемдік деңгейдегі шахматшылар бар. Ерлерде: GM Абдималик Абдисалимов (2530), GM Жахонгир Вахидов (2515) — Өзбекстан; GM Ахмад Ахмадзаде (2531), GM Мисратдин Искендеров (2522) — Әзербайжан; IM Эрай Қылыш (2511), GM Джем Каан Гёкеркан (2507) — Түркия.
Әйелдерде: Әзербайжан құрамасы — 2025 жылғы әлем вице-чемпионы толық құрамда. Сондай-ақ Өзбектің мықты шахматшылары WGM Афруза Хамдамова мен WGM Умида Омонова бар.
Есептеу жүйесі: Тур жеңісі — 2 ұпай, тең ойын — 1 ұпай. Ұпай саны тең болған жағдайда орындар келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:
• Жеке ойыншылардың ұпай саны;
• Командалар арасындағы жеке кездесу нәтижесі;
• Зоннеборн-Бергер коэффициенті.
Жүлде қоры — 27 миллион теңге (шамамен 54 000 АҚШ доллары).
Ерлер мен әйелдер арасында 1-орынға — 5 млн теңге, 2-орынға — 3,5 млн теңге, 3-орынға — 2 млн теңге. Жасөспірімдер турнирінде 1-орынға — 2,5 млн теңге, 2-орынға — 2 млн теңге, 3-орынға — 1,5 млн теңге.
Сондай-ақ әр тақтада үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар алтын, күміс, қола медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Турнирдің онлайн трансляциясы: https://s2.chess-results.com/tnr1396849.aspx