Астана тұрғыны зират маңынан «оқытылыған» бірнеше сурет тапты

Астана тұрғыны зират маңынан «оқытылыған» бірнеше сурет тапты
Коллаж: ult.kz

Әлеуметтік желі қолданушысы Әлия Астанадағы ескі мұсылман зиратының маңынан тапқан оғаш дүниесі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, зират маңынан бір қыздың бірнеше фотосуреті мен ер адамның суреті табылған. Ерекшелігі – қыздың барлық фотосуретінде көз тұсы күйдіріліп тасталған. Жәйе суреттер түйреуішпен түйрелген. 

«Ерінбей, таяқ алып жақынырақ барып қарап шықтым. Бір қыздың көптеген фотосуреті жатыр екен, барлығының көздері күйдірілген. Сондай-ақ бір ер адамның да суреті бар», – деп жазды Әлия.

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі болжамдарын айтып, жазба қызу пікірталас тудырды.