Қайғылы оқиға 10 тамызда Қоянды ауылындағы су қоймасының орталық жағажайында болған, деп хабарлайды ult.kz.
Sputnik.kz дерегінше,апалы-сіңілі 2015 және 2017 жылы туған екі қыз орталық жағажайда болған.
Бір сәтте ата-анасы балаларынан көз жазып қалған. Қыздарды ата-анасы құтқарушылармен бірге іздеп, кейін екеуін де су астынан тапқан. Оларға алғашқы реанимациялық көмек көрсетілгенімен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмаған.
Ақмола полициясы қыздардың көз жұмғанын растады.
«10 тамызда Қоянды ауылында орналасқан су қоймасының орталық жағажайында кәмелетке толмаған екі қыз суға батып кеткен», - делінген полиция хабарламасында.