Астана базарында алапат өрт шықты (Видео)

Астана базарында алапат өрт шықты (Видео)

Кеше кешкі уақытта, 30 қаңтарда әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы "Сәлем" базарында алапат өрт шыққанын хабарлады. Оқиғаның видеосы мен суреттері Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осы мәліметті растады. 

"2018 жылы 30 қаңтарда кешкі 22:00 шамасында "Авангард" ЖШС аумағындағы контейнерлер өртенді. Онда автокөлік майлары мен бөлшектері сақталған. 28 өрт сөндіруші 22:49-да өртті ауыздықталды. Өрт аумағы - 120 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін арнайы 7 техника жұмылдырылды. 23:40-та өрт толығымен сөндірілді", - деді Иманқұлов.