Астана әуежайында жолаушылардың жүгінен 223 iPhone 18 шықты

Астана әуежайында жолаушылардың жүгінен 223 iPhone 18 шықты
видеодан скриншот

Астана әуежайында кеденшілер мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 әрекетін тоқтатты. Жолаушылардың жүгінен 223 iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабы табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жолаушылар «жасыл дәліз» арқылы өткен. Яғни олар міндетті декларациялауға жататын тауарлары жоқ екенін мәлімдеген. Алайда тексеру кезінде жолаушылардың ірі көлемде электроника алып келгені анықталған.

Оқиғалардың бірінде жолаушының жүгінен бірден 50 смартфон табылған.

МКК жеке тұлға жеке пайдалануы үшін бір адамға екіден артық ұялы телефон әкеле алмайтынын еске салды. Егер тауардың саны немесе сипаты белгіленген шектен асып кетсе, оны декларациялап, тиісті кедендік рәсімдерден өткізу қажет.

Кеденшілер анықтағандай, заңсыз тауар тасымалдағандардың төртеуі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Тағы төртеуі құрылғыларды ЖК ретінде тіркелмей әкелмек болған.

Табылған смартфондар мен құлаққаптардың барлығы уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Әрбір жағдай бойынша заң бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.