Қырғызстанның Ош қаласындағы базарлардың бірінде саудагерлер құлпынай сатуға келген шаруаны сабап, тауарын шашып тастаған, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға 4 шілдеде Райымбеков көшесінде болған.
Жанжалдың видеосы желіде тарап, үлкен резонанс тудырды. Қалалық ІІБ аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде төрт адам (үш әйел, бір ер адам) ұсталды. Олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, біреуі отбасылық жағдайына байланысты үйқамаққа алынды.
Ош қаласының әкімі Жанар Ақаев жәбір көрген диқанмен кездесіп, қолдау білдірді. Әкімнің тапсырмасымен шаруаға жаңа базардан тұрақты сауда орны бөлінді.