Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қоғамда кең тараған әңгімелер жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, Мұхамедиұлы туралы түрлі қауесеттер билік пен өнер ортасында бұрыннан айтылып келген. Аққұлы сұхбат барысында бұл ақпараттардың өзіне мемлекеттік қызметкерлер мен өнер саласының өкілдерінен жеткенін алға тартты. Ол «Арыстанбек шенеуніктерге жас қыз тауып берумен айналысқан» деген қауесет барын да жасырмады.
«Мен үкімет мүшелерінен, депутаттардан естігенімді айтып отырмын. Мәселе жеке тұлғада ғана емес, сол кезеңдегі жоғары саяси биліктің моральдық келбетінде болып отыр», – деді ол.
Айта кетейік, Сұлтан Хан Аққұлы сұхбат барысында нақты дәлелдер келтірмей, ел арасында тараған әңгімелерге тоқталған.