«Арсенал» Премьер-лигада жеңіске жетіп, табыс көлемі бойынша рекорд орнатты

«Арсенал» Премьер-лигада жеңіске жетіп, табыс көлемі бойынша рекорд орнатты
arsenalfc.ru

Лондондық «Арсенал» клубы 2025/26 жылғы маусымда Англия Премьер-лигасын жеңіп, рекордтық табысқа қол жеткізді. The Athletic мәліметінше, клубтың жалпы кірісі 198,7 миллион фунт стерлингке жеткен. Бұл — Премьер-лига тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды ult.kz.

Биыл Англия чемпионаты клубтарға бөлінетін жалпы қаржы көлемі алғаш рет 3 миллиард фунт стерлингтен асты. Чемпион атанған «Арсенал» турнирлік кестедегі бірінші орын үшін 75,2 миллион фунт бонус алған.

Сонымен қатар, телетрансляциядан түскен табыс та айтарлықтай өскен. «Манчестер Юнайтед» 34 матчтың эфирге шығуы арқасында 191,5 миллион фунт табыс тапқан.

Алайда Премьер-лига мен төменгі дивизион клубтары арасындағы қаржылық айырмашылық әлі де үлкен мәселе болып қалып отыр. Сарапшылар ағылшын футболындағы табыс теңсіздігі жылдан-жылға артып келе жатқанын айтады.