Әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлы мен келінінің не себепті ажырасқанын айтты. Өнер иесі Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бұрынғы келінімен қазір араласпайтынын да жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Әншінің сөзінше, келіні бөлек шаңырақ көтергісі келген, ал ұлы анасымен бірге тұра беруді жөн көрген. Керімбекова екеуіне бөлек тұрып көруге кеңес беріп, отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтты.
“Келін бөлек тұрғысы келді, бала бармаймын деді. Бәрі содан басталды. Бөлек шықсаңдар шығыңдар, ажыраспаңдар деп те айттық. Біз біраз тырыстық. Өздерінің таңдауы солай болды. Екі жаққа кетті, өз өмірлерін сүріп жатыр”, – деді әнші.
Сұхбатта Керімбекова ажырасқаннан кейін баланың әкесімен және ата-әжесімен араласуына мүмкіндік беру керек деген пікірін де айтты.
“Қазір келініммен араласпаймын, араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасса баланы алып қашады? Қыздарға немерем деп қуанған ата-әжелердің жүрегін ауыртпаңдаршы дегім келеді”, – деді Ақбота Керімбекова.
Ақбота Керімбекова кім?
Ақбота Керімбекова – қазақстандық эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол көпшілікке “Аппақ гүлдер”, “Қош, махаббат”, “Бегімайдың жыры” сияқты лирикалық әндерімен танылған.

Әнші бала кезінен сахнаға шығып, халық әндерін анасы, әнші Бибіажар Махамбетовадан үйренген. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының музыкалық драма факультетінде білім алған. Саят Медеуовпен бірге орындаған “Ақ шағала” әні де тыңдарманға кеңінен таныс.

Ақбота Керімбекова үш ұл тәрбиелеп өсірген. Үлкен ұлы Біржан Шалқар да өнер жолын таңдаған. Анасы екеуі Qazaqstan арнасындағы “Жұлдызды жұп” жобасында “Аппақ гүлдер” әнін бірге орындаған.