Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

19 қарашадағы валюта бағамы қандай болды?

19 қарашадағы валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

19 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы сағат 17:00-де 449,13 теңге болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар 4,88 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды ult.kz.

Сауда барысында бір доллар 445,77–451,41 теңге аралығында сатылды. Соңғы мәміле 450,93 теңгеден жасалды. Доллармен жасалған 1 624 мәміленің жалпы көлемі 617,58 млн АҚШ долларын құрады. 

Ұлттық банктің 19 қарашаға белгілеген ресми бағамы бойынша бір доллар 444,16 теңге, бір еуро 487,29 теңге болды. Ресей рублінің бағамы 5,40 теңгені, Қытай юанінің бағамы 66,63 теңгені құрады. 

Kurs.kz дерегін келтірген Kapital.kz басылымының мәліметінше, сағат 17:06-да Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллардың ең жоғары сату бағамы 453 теңгеге, Алматыда 451,50 теңгеге жетті.