Таразда белгісіз біреулер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 72 белгісіз сарбаз жерленген орынға қойылған ескерткіш тақтаны қиратып кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты ескерткішті қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір күдіктілерді анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция құқық бұзушылар заң аясында қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді.