Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жас жігіттің көлік басқару кезінде өрескел жол ережелерін бұзған бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Ақтөбе қаласындағы басты даңғылдардың бірінде жүргізуші жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіре отырып, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған. Оның үстіне өз әрекетін бейнекамераға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған.
Құқық бұзушының жеке басы анықталып, жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.