Ақтөбеде соққан қатты жел қала тұрғындарына айтарлықтай қолайсыздық туғызды, деп хабарлайды ult.kz.
Қолайсыз ауа райының салдарынан қала бойынша ондаған ағаш құлап, олардың бірқатары жол жиегінде тұрған автокөліктерге зақым келтірген. Сондай-ақ жел автотұрақтардың шатырларындағы профлисттерді жұлып әкеткен.
Бұдан бөлек, кейбір тұрғын үйлер уақытша электр қуатынсыз қалған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі нақты есептеліп жатқан жоқ.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Ақтөбеде жаңбырлы ауа райы сақталады. Апта бойы жауын-шашын түсіп, ауа райы құбылмалы болуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, қатты жел кезінде ағаштардың маңында және жеңіл конструкциялардың жанында тұрмауға шақырады.