Ақтөбеде пәтер жалдаймын деп, алаяқтарға тап болғандар көбейді

Ақтөбеде пәтер жалдаймын деп, алаяқтарға тап болғандар көбейді
kn.kz

Ақтөбеде Алматыдан пәтер жалға береміз деп тұрғындарды алдаған бір туған әпке-іні ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер танымал интернет-платформалардың бірінде Алматы қаласындағы пәтерлерді арзан бағамен жалға беру туралы жалған хабарландыру жариялаған.

Алаяқтардың арбауына жазғы демалыста Алматыға баруды жоспарлаған Ақтөбе тұрғындары түскен. Күдіктілер телефон арқылы өздерін пәтер иесі ретінде таныстырып, алдын ала төлем жасауды сұраған.

Жәбірленушілер 10 мыңнан 55 мың теңгеге дейін ақша аударған. Алайда төлем түскеннен кейін күдіктілер байланысқа шықпай қойған.

Қазір төрт жәбірленуші анықталды.

Жедел іс-шаралар барысында полиция 33 жастағы әйел мен 24 жастағы ер адамды ұстады. Олар – туған әпке-іні. Полиция бөліміне жеткізілген күдіктілер кінәсін мойындаған.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.