Ақтауда қаза тапқан сарбаз деп басқа әскери қызметшінің видеосы тараған

Ақтауда қаза тапқан сарбаз деп басқа әскери қызметшінің видеосы тараған
Коллаж: видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Ақтаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың біріне тиесілі деген видеоны басқа әскери қызметші түсіргені анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әскери киімдегі жас жігіттің әкесімен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп отырған видеосы тараған еді. Кейбір ақпарат ресурстары бұл кадрларды Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан сарбаздардың бірінің соңғы видеосы ретінде жариялаған.

Алайда кейін видеодағы әскери қызметшінің Ақтауда болған оқиғаға еш қатысы жоқ екені айтылды.

«Бұл сарбаздың Ақтаудағы жағдайға еш қатысы жоқ. Қате ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз», – делінген әлеуметтік желіде тараған хабарламада.