Ақтауда криминалдық полиция қызметкерлері 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, 3 қыркүйекте Ақтаудың 28А шағын ауданында полицейлер Changan автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Көліктен 64 дана WAKA электронды темекісі табылып, тәркіленді.
Одан әрі жүргізілген жедел іс-шаралар барысында қаланың өнеркәсіптік аймағындағы гараждардың біріне тінту жасалды. Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі мен 31 қаптама снюс анықталды.
Осылайша, тәркіленген өнімдердің жалпы саны 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюсті құрады.
Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады.
Полиция тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.