Ақтауда Kia Cerato автокөлігі өртеніп кетті

Ақтауда Kia Cerato автокөлігі өртеніп кетті
Сурет:lada.kz

Ақтауда жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ult.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 20 шілде күні қаланың 23-шағынауданындағы жолда болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, өрт шыққан көлік - Kia Cerato маркалы жеңіл автомобиль. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде толық сөндірген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап, электр сымдары мен жанармай жүйесінің жарамдылығына ерекше назар аударуға кеңес берді.