Ақтауда Джеки Чан Miyagi әндерін қосылып айтып, рэперді құшақтады

Ақтауда Джеки Чан Miyagi әндерін қосылып айтып, рэперді құшақтады
видеодан скриншот

Ақтауда өтіп жатқан «Құдайдың сауыт-сайманы: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) фильмінің түсірілімінен кейінгі кеште Голливуд жұлдызы Джеки Чанның осетиндік рэпер Miyagi-мен бірге көңіл көтерген сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Желіде тараған видеода аты аңызға айналған актердің Miyagi әндерін тыңдап қана қоймай, оларға қосылып айтып, кейін музыкантты құшақтап жатқанын көруге болады.

Бейнежазба қысқа уақыт ішінде кең таралып, желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Көпшілік Джеки Чанның Miyagi шығармашылығымен таныс екеніне және әндерді ықыласпен орындағанына таңданысын білдіріп жатыр.

Еске салайық, қазіргі уақытта Джеки Чан Қазақстанда жүр. Ол Ақтауда түсіріліп жатқан «Құдайдың сауыт-сайманы: Ультиматум» фильмінің жұмысына қатысуда.