Ақтау маңындағы әскери трагедия: прокуратура қылмыстық іс қозғады

Ақтау маңындағы әскери трагедия: прокуратура қылмыстық іс қозғады
ҚР Бас прокуратурасы

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, оқиғаны тергеу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 қыркүйекте ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізінде оқу-жаттығуға қатысқан 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен.

Қазіргі уақытта 9 әскери қызметшінің қаза болғаны анықталды. Үш әскери қызметші құтқарылған, оның бірі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.