Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров бойынша туындаған келісімшарт мәселесінің толық шешімін тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Вице-министр Серік Жарасбаевнің сөзінше, келісімшарт спортшының командасына жолданып, барлық тармақтар екі тараптың қатысуымен жан-жақты талқыланған. Нәтижесінде құжатқа қол қойылып, келісімде көзделген қаржы толық көлемде төленетін болды.
Министрлік Шайдоровтың халықаралық жарыстардағы жетістіктерін жоғары бағалап, оны қазақстандық спорттың жарқын өкілдерінің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ 5 маусым күні спортшы жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастау үшін АҚШ-қа жол тартады. Алдағы уақытта ол және оның командасы Туризм және спорт министрлігімен кездесіп, келесі Олимпиада ойындарына дайындық жоспарын талқылайды.
Кездесу барысында Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортын дамытуға қатысты өзекті мәселелер де қаралады.