АҚШ-тың Висконсин штатында 69 жастағы зейнеткер уақыт жоғалтпау үшін аңшылық тауарлары сатылатын сүйікті дүкеніне тікұшақпен ұшып барғанын New York Post басылымы хабарлады, деп жазады ult.kz.
Басылымның мәліметінше, ер адам кептелісте тұрмау үшін тікұшағын дүкеннің автотұрағына қондырған.
Көлікпен барған жағдайда жол шамамен бір сағатқа созылар еді. Оқиға орнына келген полицейлерге зейнеткер «көлікпен жүру тым ұзақ болды» деп түсіндірген.
Ер адамның тікұшақты басқаруға жарамды лицензиясы болған және ол ұшу ережелерін бұзбаған. Сондықтан бұл сапарға байланысты оған ешқандай жаза қолданылған жоқ.