Ақмола облысында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.
Тергеу мәліметінше, өнімдер әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы сатылып, тапсырыстар курьерлік қызмет арқылы жеткізіліп отырған.
Күдіктілер заңсыз әрекеттерін жасыру үшін түрлі астыртын тәсілдерді қолданып, ақша қабылдау мен қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында дропперлердің қызметіне жүгінген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 221 миллион теңгеден асты.
Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынды. Топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам қамауға алынды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.