Ақмола облысында көкпар кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

Ақмола облысында көкпар кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза тапты
ашық дереккөз

Ақмола облысында көкпар кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы жағдай 26 мамыр күні болған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

Целиноград аудандық әкімдігінің мәліметінше, оқиға Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі маңында өткен. Әкімдік өкілдері көкпар ойыны ресми түрде ұйымдастырылмағанын атап өтті.

«Аталған шара азаматтардың жеке бастамасымен өткізілген. Бұл ресми спорттық не бұқаралық іс-шара болған жоқ. Аудан әкімдігіне ойын өткізу туралы ешқандай хабарлама түспеген, сондай-ақ рұқсат алу жөнінде өтініш берілмеген», – деп мәлімдеді әкімдік.

Алдын ала дерек бойынша, көкпарға ересек адамдар қатысқан. 14 жастағы жасөспірім оқиға орнына туыстарымен бірге келген. Кейін ол ойыншылардың бірінің орнына шығып, көкпарға қатысқан.