Ақмола облысында ер адам әйелін қауып алған итті ұрып өлтірген

Ақмола облысында ер адам әйелін қауып алған итті ұрып өлтірген
Фото: freepik

Ақмола облысында ер адам әйелін қауып алған итті ұрып өлтірген. Полицейлер жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция мәліметінше, Жақсы ауданы ауылының тұрғыны ауылдасының үйіне барған. Осы кезде байлаудағы ит шынжырдан босап кетіп, әйелдің аяғын тістеп алған.

Кейін оның жұбайы жануар тұрған аулаға келіп, итті ұрған. Жануар алған жарақаттарынан өліп қалған.

Құқық қорғау органдары еске салады: ит адамды қауып алса да, өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді, барлық мәселелер тек заң саласында шешілуі керек.