Әнші Алтынай Жорабаеваның қызына әзірленген жасау әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жас отбасыға берілген дүние-мүліктің жалпы құны шамамен 100 миллион теңгеге бағаланған.
Әншінің құрбысы жариялаған видеода ұзатылған қызға арналған жасаудың көлемі өте ауқымды екені көрсетілген. Оның айтуынша, күйеу жігітке әкесі 200 шаршы метрлік пәтер сыйлаған.
Жаңа баспананы жабдықтауға қажетті кілем, жиһаз, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттар да жас жұбайларға берілген. Алайда барлық дүние жаңа үйге бірден жеткізілмеген.
Видеодағы мәлімет бойынша, көрсетілген заттар әзірленген жасаудың шамамен 10 пайызы ғана. Ал қалған дүниелер кейін жеткізілмек.
«Алтынай Жорабаеваның қызының жасауына шамамен 100 миллион теңге кетті. Жігітке әкесі 200 шаршы метрлік пәтер сыйлады. Пәтердің ішін кілем, жиһаз, ыдыс-аяқпен толық жабдықтады. Біз қазір жасаудың 10 пайызын ғана алып келдік», – деді әншінің құрбысы.
Желі қолданушылары жасаудың көлемі мен құнына қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.