Анар жүрек жұмысына қалай әсер етуі мүмкін?

Анар жүрек жұмысына қалай әсер етуі мүмкін?
pexels.com

Ғалымдар анар, жаңғақ және кейбір жидектерді жегеннен кейін ағзада пайда болатын уролитин А заты жүрек қызметіне пайдалы болуы мүмкін екенін анықтады, деп ult.kz тілшісі Malim.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжірибе кезінде бұл қосылыс жүректің босаңсу қабілетін жақсартып, жүрек бұлшықетінің шамадан тыс ұлғаюын және тыртық тіндерінің қалыптасуын азайтқан. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде жүрек жұмысының жекелеген көрсеткіштері 80%-ға дейін жақсарған.

Зерттеушілер бұл нәтижелерге қарамастан, анарды жүрек ауруын емдеу құралы деп қабылдауға болмайтынын ескертеді. Әзірге зерттеу жануарлар мен зертханалық жағдайда алынған адам жүрек тіндеріне негізделген. Оның адамдарға әсерін нақтылау үшін қосымша клиникалық зерттеулер қажет.