Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман WR Women’s Chess Tour 2026 жарысының алғашқы кезеңінде – Tokyo Asian Leg турнирінде (6–7 маусым, Токио, Жапония) сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.
Рапид турнирінде Алуа сенімді ойын көрсетіп, ширек финалда гроссмейстер Антуанетта Стефанованы, жартылай финалда әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі, гроссмейстер Катерина Лагноны жеңді.

Финалдық матчта қазақстандық спортшы 2026 жылғы Претенденттер турнирінің жеңімпазы, үндістандық гроссмейстер Вайшали Рамешбабумен кездесті. Қызу тартыстан кейін Алуа 0,5:1,5 есебімен жеңіліп, беделді халықаралық турнирдің рапид кезеңінің күміс медалін иеленді.
Рапид нәтижесі бойынша Алуа 8 турнирлік ұпай жинап, 8 қатысушының арасында 2-орынды алды. Олардың қатарында әлемнің бұрынғы әлем чемпиондары мен жетекші шахматшылары болды.
Токиодағы өнер көрсету жас қазақстандық шахматшының мансабындағы тағы бір маңызды жетістік болды және оның әлемдік әйелдер шахматындағы ең перспективті өкілдерінің бірі екенін тағы бір рет растады.