Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жолдасы Әлішердің қызы Айнараның ұзату тойына не себепті қатыспағанын айтып берді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесінің сөзінше, бұған отбасы бастан өткерген қайғылы жағдай себеп болған. Ол жарты жыл бұрын жолдасының туған бауыры кенеттен дүниеден өткенін, содан кейін олардың әулетінде бір жыл бойы аза тұту дәстүрі сақталатынын жеткізді.
Сол себепті Әлішер тойға қатыспау туралы шешім қабылдаған. Дегенмен ол қызының ұзату рәсімін кейінге қалдырмай, құдаларды күтіп алып, барынша құрмет көрсетуді жөн көрген.
Алтынай Жорабаева жолдасының тойдың барлық ұйымдастыру жұмысына белсенді араласқанын да ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Әлішер дайындықтың басы-қасында жүріп, барлық жауапкершілікті өз мойнына алған.
Сөз соңында әнші жарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта төрт қызының да қуанышын бірге қарсы алып, тойларын амандықпен бірге өткізуді Алладан тілейтінін жазды.