Алматының барлық аудандары үш жылдық даму жоспарын жасауы керек

Алматының барлық аудандары үш жылдық даму жоспарын жасауы керек

Алматының барлық аудандары үш жылдық даму жоспарын жасауы керек, бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference - 2019 форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында қала басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2025» даму бағдарламасының алдағы 5 жылға арналған нақты құжаты 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін дайын болуы керектігін атап өтті.

«Қаланы дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдау қажет. Себебі, бұл - мегаполисті дамытудың маңызды құжаттары, оларды 2020 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей көпшілік талқысына ұсынуымыз керек», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, қаланың барлық 8 ауданы 2020 жылдың 1 наурызынан кешіктірмей үш жылдық даму жоспарын жасауы тиіс.

«Әр аудан кәсіби урбанистермен және жергілікті тұрғындармен келісе отырып, ауданның даму жоспарын құруы тиіс. Сондай-ақ, ол полиорталықтандыру қағидаттарына сәйкес болуы керек. Аудандардың бірегейлігі де назардан тыс қалмауы тиіс. Ең алдымен оның әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын қадағалау қажет. Болашақта ауданның бас жоспары жүйелі түрде қаржыландырылады», - деді әкім.

Айта кетейік, Алматыда «Kazakhstan Urban Conference -2019» форумы өтіп жатыр.