Алматылық Құрылтайлар сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады

Алматылық Құрылтайлар сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда есімі бүгінгі тарихи саяси оқиғамен үндес екі тұрғын Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Құрұлтай Сәткенбаев Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Ал Әуезов ауданындағы №1 мектеп-гимназияда орналасқан №140 учаскеде Құрылтай Мансұров азаматтық ұстанымын білдірді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар. Оның алтауы – ер адам, төртеуі – әйел. Бұл есімнің иелері ең көп Шығыс Қазақстан облысында тұрады – 4 адам. Алматыда – 2, ал Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.

Қазір еліміз бойынша 10 363 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген.