Алматылық фармацевт қылмыстық топқа мыңнан астам дәрі жеткізген

Алматылық фармацевт қылмыстық топқа мыңнан астам дәрі жеткізген
Дәріханалардан заңсыз сатылған 6 мыңға жуық психотроптық препарат тәркіленді

Ақтөбе облысында күшті әсер ететін заттарды заңсыз өткізген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында заңсыз жеткізу арнасын Алматыдағы дәріханалардың бірінің фармацевті ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, фармацевт қызметтік мүмкіндігін пайдаланып, Ақтөбеге күшті әсер ететін заттардың ірі партияларын жеткізіп отырған. Топ құрамында ұйымдастырушы, оператор, заттарды өлшеп-ораушылар және жасырын орындар арқылы таратушылар болған.

Жедел-тергеу шаралары кезінде топтың барлық мүшесі ұсталып, заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді.

ІІМ мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.