Алматылық әйел тазалық қызметкерлерін демалып отырғаны үшін сынады

Алматылық әйел тазалық қызметкерлерін демалып отырғаны үшін сынады
Фото: видеодан кадр

Алматыда әйел қала тазалығын қамтамасыз ететін қызметкерлерді жұмыс уақытында демалып отырғаны үшін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Оның әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды ult.kz.

Желі қолданушылары қызметкерлердің таң азанымен жұмысқа шығып, көшелерді тазалап, қаланың көркеюіне үлес қосып жүргенін атап өтті. Олардың пікірінше, бірнеше минут демалғаны үшін жұмысшыларды көпшілік алдында сынау орынсыз.

«Тырнақ астынан кір іздемей, олардың еңбегін бағалау керек» деген пікірлер жазылды.