Алматыдан Каппадокияға және кері: әлем назарын аудартқан автосапар

Алматыдан Каппадокияға және кері: әлем назарын аудартқан автосапар
jetour

Қазақстанның Алматы қаласынан Түркияның Каппадокия өңіріне дейін автокөлікпен барып, қайта оралу – алғаш естігенде тәуекелге толы идея сияқты көрінеді. Шамамен 14 мың шақырым жол, төрт мемлекет, ұзақ сапарлар, Кавказ асулары, Жерорта теңізінің жағалауы және жол үстінде өткен бір айға жуық уақыт. Дәл осындай бағытты бес Jetour T2 автокөлігімен жолға шыққан «Jetour-мен тур» экспедициясының қатысушылары таңдады.

Бұл саяхат қатысушылар үшін көптен бергі армандарын жүзеге асыру мүмкіндігі болды. Оның үстіне, көпшілігі үшін мұндай ұзақ автосапар алғаш рет ұйымдастырылды. Ал көліктер үшін бұл – күнделікті пайдаланушылар кездесуі мүмкін ең күрделі жағдайларда сенімділігін дәлелдеуге берілген мүмкіндік еді. Бірнеше апта ішінде олар Қазақстан, Ресей, Грузия және Түркия жолдарымен шамамен 14 мың шақырымды жүріп өтті.

Автоблогер Руслан Мұқановтың айтуынша, бұл – оның Jetour T2 көлігімен екі жыл ішінде жасаған ең ұзақ сапары.

«Көлік екі жылдан бері менімен бірге. Осы уақыт ішінде бірде-бір рет жолда қалдырған жоқ. Сондықтан 14 мың шақырымдық сапарға еш күмәнсіз шықтым», – дейді ол.

Жол бойындағы көріністер де үздіксіз өзгеріп отырды. Қазақстанның кең даласы Ресейдің тас жолдарына ұласып, кейін Грузияның таулы серпантиндеріне, одан әрі Түркияның жылдам магистральдары мен Жерорта теңізі жағалауына жалғасты.

Қазақстан: саяхат туған жерден басталады

Экспедиция қатысушылары Грузия мен Түркиядан ерекше әсер алғанымен, осы сапардан кейін Қазақстанға да жаңа көзқараспен қарай бастағандарын айтады.

Бүгінде ел ішінде автокөлікпен саяхаттау әлдеқайда ыңғайлы бола түскен. Көптеген автожолдар жаңартылып, жол инфрақұрылымы дамып келеді, ал ірі қалалардың арасында заманауи жылдам жолдар салынған. Алайда саяхатшылардың айтуынша, басты жаңалық жолдар емес, адамдар болды.

Әсіресе Jetour Club Astana және Jetour Club Kostanay мүшелері ұйымдастырған кездесулер есте қалған. Экспедиция бағытын әлеуметтік желіден көрген клуб мүшелері экипаждарды өздері қарсы алуға ұсыныс білдірген. Саяхатшылардың сөзінше, олардың жылы қарсы алуы мен қонақжайлығы табиғаттың ең көрікті орындарынан кем әсер қалдырмаған.

Jetour T2 иелері клубының негізін қалаушы Константин Полихранидидің айтуынша, көліктің арқасында үлкен достық қауымдастық қалыптасқан.

«Қазір біз бірге саяхаттаймыз, қайырымдылық және экологиялық шараларға қатысамыз. Бұл көлік мені қызығушылықтарым мен саяхатқа деген сүйіспеншілігімді бөлісетін адамдармен таныстырды», – дейді ол.

Экспедиция мүшелері үлкен автосаяхат жасау үшін міндетті түрде бірнеше елдің шекарасынан өтудің қажеті жоқ екенін айтады. Қазақстанның өзінде-ақ елді жаңа қырынан танытатын бағыттар жеткілікті. Тек маршрут таңдап, жолға шығу керек.

Грузия: тек таулар емес, адамдар да әсер қалдырды

Экспедиция қатысушылары үшін ең жарқын әсерлердің бірі Грузиямен байланысты болды. Верхний Ларс шекарасынан өткен соң жазық дала бірден таулы серпантиндерге ауысып, әр бұрылыстан жаңа көрініс ашыла бастады. Дәл осы жерде саяхатшылар мүлде басқа әлемге келгендей әсер алған.

Әсіресе қарлы Қазбек шыңы ерекше есте қалған. Оның асқақ келбеті үлкен автосаяхатқа шығудың басты себептерінің біріне айналды.

Алайда қатысушыларды таңғалдырған тек таулар емес. Олардың айтуынша, Грузияның көрікті жерлері соншалықты көп болғандықтан, бір сапарда бәрін аралап шығу мүмкін емес. Елден шықпай тұрып-ақ олар мұнда қайта оралуды жоспарлай бастаған.

Экспедиция мүшесі Нұрсұлтан Мамытов та осы пікірмен келіседі.

«Әрине, Грузия мен Түркияда көбірек уақыт өткізгіміз келді. Көп дүниені көргенімізбен, қайта келуге тұрарлық орындар әлі де өте көп», – дейді ол.

Сапар бойы экспедицияға жергілікті тұрғындар мен өзге жүргізушілер ерекше ықылас танытқан. Олар белгі беріп, қол бұлғап, алыс шамдарын жағып немесе бас бармағын көтеріп, қолдау көрсеткен. Қатысушылардың айтуынша, дәл осындай кездейсоқ таныстықтар мен адамдардың қонақжайлығы саяхаттың ең қымбат естеліктерінің біріне айналған.

Түркия: сөзбен жеткізу қиын

Кавказдың қатал асуларынан кейін Түркия экспедиция мүшелерін мүлде басқа атмосферамен қарсы алды. Маршруттың бір бөлігі Жерорта теңізінің жағалауымен өтетін көркем жолмен жалғасып, шамамен 200 шақырым бойы теңізден алыстамады.

Алайда сапардың басты мақсаты – Каппадокия болды.

Каппадокияны сөзбен сипаттау қиын. Мұнда ежелгі шатқалдар ерекше жартастармен астасып жатыр, ал таң атқанда аспанды ондаған түрлі түсті әуе шарлары көмкеріп кетеді. Күннің алғашқы сәулесі жартастарды қызғылт, қызғылт сары және алтын түстерге бояғанда, өзіңді басқа ғаламшарда жүргендей сезінесің.

«Бұл жер біз көрген ешбір мекенге ұқсамайды. Қала жартасқа қашалып салынғандай көрінеді. Ал таңертең аспанға ондаған әуе шары қатар көтерілген сәтті сөзбен жеткізу мүмкін емес», – дейді экспедиция қатысушылары бірауыздан.

Каппадокия – қазіргі Түркиядағы ең көне өңірлердің бірі. Ол туралы алғашқы деректер б.з.д. VI ғасырдан басталады. Бұл аймақ әр кезеңде түрлі мемлекеттердің құрамында болып, парсы патшаларының, Александр Македонскийдің және Осман империясының әскерлері өткен тарихи мекенге айналған. Сондықтан мұнда бірнеше өркениеттің мәдени ізі сақталған.

Дегенмен, ең таңғаларлығы – оның табиғаты. Миллиондаған жыл бұрын бұл өңірдің қазіргі келбетін үш жанартау қалыптастырған. Олардың ең ірісі – Эрджияс жанартауы. Жанартау атқылауы, жер сілкінісі, жел мен жауынның әсерінен қатқан жанартау жыныстары ерекше аңғарлар мен шатқалдарға, сондай-ақ Каппадокияның әйгілі «тас мұнараларына» айналған. Сол себепті бұл өңірді ғылыми-фантастикалық фильмдердегі ғажайып әлемдермен жиі салыстырады. Тіпті осы табиғат көріністері «Жұлдызды соғыстар» фильміндегі кейбір локацияларға шабыт берген деген пікір бар.

Экспедиция қатысушылары ең ұзақ аялдаған жер де осы Каппадокия болды. Олардың айтуынша, бұл – бірнеше күнде толық танып-білу мүмкін емес, қайта-қайта оралғың келетін ерекше мекен.

Экспедицияның есте қалған үш бағыты

Экспедиция қатысушыларының пікірінше, бұл сапарға шығуға себеп болған ең ерекше орындар мыналар:

Каппадокия (Невшехир, Түркия) – таңсәріде аспанға көтерілетін ондаған әуе шары мен жер бетіндегі өзге ғаламшарды елестететін ерекше табиғаты.
ГрузияҚазбек шыңы, Боржоми және қайта оралғың келетін әсем таулы өлкелер.
Ресей – тарихи Волгоград қаласы мен Кавказға кіреберіс саналатын, маршруттағы ең көрікті қалалардың бірі – Нальчик.

Қатысушылар уақыт өте келе өздері аралаған жерлерден гөрі, экспедицияның ерекше атмосферасын жиі еске алатынын айтады. Бір айға жуық уақытқа созылған сапар бұрын бірін-бірі толық танымайтын адамдарды нағыз командаға айналдырған.

Экспедиция қатысушысы Нұрсұлтан Мамытов:

«Біз бір үлкен отбасы секілді болып кеттік. Көп әзілдестік, бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Саяхатты ерекше еткен де дәл осы адамдар болды», – дейді.

Алайда сапардың тағы бір маңызды нәтижесі алда еді. Ол – көліктің ұзақ жолға қаншалықты дайын екенін толық түсіну.

14 мың шақырым – сенімділіктің нағыз сынағы

Jetour T2 иелері үшін бұл алғашқы саяхат емес. Бұған дейін де олар ондаған сапарға шығып, көліктің мүмкіндіктерін жақсы білген.

Дегенмен, төрт мемлекет арқылы өткен бұл бағыт мүлде басқа деңгейдегі сынақ болды. Күн сайынғы 800–1200 шақырымдық жол, рөлде 18 сағатқа дейін отыру жүргізушілерге ұзақ сапарда ең бастысы жылдамдық емес, жайлылық пен сенімділік екенін көрсетті.

Бірнеше мың шақырым жүргеннен кейін жүргізушілер ең алдымен ыңғайлы орындықтарды жоғары бағалаған. Олар күні бойы рөлде отырса да қатты шаршамауға мүмкіндік берген. Сондай-ақ ұзақ жолда жүргізушінің жүктемесін азайтатын адаптивті круиз-бақылау жүйесі мен алғашында байқала бермейтін көптеген ұсақ-түйек функциялардың пайдасы зор болған.

Мысалы, жүксалғыш қақпағындағы жиналмалы үстел таңғы ас пен жеңіл тамақтануға ыңғайлы орынға айналған. Көптеген USB қосқыштары барлық құрылғыларды қуаттап отырған. Ал жүксалғыштағы 220 вольттық розетка автокөлік тоңазытқыштарының үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік берген.

Ең бастысы – екі-үш мың шақырым жүргеннен кейін де қатысушылар таңертең сергек оянып, келесі ұзақ жолға еш қиындықсыз қайта аттана алған. Сол кезде олар Jetour T2 шынымен де ұзақ саяхаттарға арналған көлік екеніне көз жеткізген.

Бұл пікірді Нұрсұлтан Мамытов та қуаттайды.

«Экспедиция барысында көлік бірде-бір рет істен шыққан жоқ. Ұзақ жолдан кейін арқамыз да, денеміз де қатты шаршамайтын. Сондықтан жолда шаршау туралы емес, саяхаттың өзінен ләззат алу туралы ойладық», – дейді ол.

Бірде-бір күрделі ақау тіркелмеді

Осындай ұзақ сапарда ең маңызды мәселе – көліктің сенімділігі екені анық. 14 мың шақырым жол, түрлі климаттық жағдайлар мен жол жабындары көліктер үшін үлкен сынақ болды.

Экспедиция басталар алдында барлық Jetour T2 ресми дилерлік орталықта жоспарлы техникалық қызметтен өтті. Қайтар жолда көліктер Грузиядағы сервисте де тексерілді. Елге оралған соң қайтадан жоспарлы техникалық қызмет көрсетілді.

Экспедиция қорытындысы бойынша бірде-бір күрделі техникалық ақау тіркелмеген. Аптап ыстыққа, ұзақ жүктемеге және әртүрлі жол жағдайына қарамастан, қозғалтқыштардың қызып кетуі, электроникадағы ақаулар, май шығыны немесе еңсерілмейтін қиындықтар болған жоқ.

Руслан Мұқановтың айтуынша, дәл осы сапардан кейін көлікке деген сенімі бұрынғыдан да арта түскен.

«13 700 шақырым бізге ұмытылмас әсер сыйлады. Бұл сапар көлікке деген сенімімді нығайтып, өмір бойы сақталатын естеліктер қалдырды», – дейді ол.

Жол барысында тек бір көлікке ғана жоспардан тыс жөндеу қажет болған. Бірақ оның себебі зауыттық ақау емес, бұрын орнатылған тюнингтік аспа жүйесі болған. Алдыңғы оң жақ амортизатор ауыстырылғаннан кейін экспедиция еш кедергісіз жалғаса берген.

14 мың шақырымнан кейінгі үш қорытынды

Экспедиция мүшелері ұзақ сапардан кейін Jetour T2 туралы үш негізгі тұжырым жасаған:

Жайлылық. Күніне 800–1200 шақырым жүріп, 10–13 сағат рөлде отырса да, келесі күні қайта жолға шығуға мүмкіндік береді.

Сенімділік. Бүкіл экспедиция барысында бірде-бір күрделі техникалық ақау болмаған. Жалғыз жөндеу тюнингтік аспаға қатысты жүргізілген.

Практикалық мүмкіндіктері. Адаптивті круиз-бақылау жүйесі, ыңғайлы орындықтар, көптеген USB порттары, 220 вольттық розетка және жүксалғыштағы жиналмалы үстел ұзақ сапарда өте пайдалы болған.

Экспедиция аяқталған соң Константин Полихраниди бұл сапардың басты нәтижесі көліктің техникалық көрсеткіштері емес, адамдар арасындағы достық болғанын айтты.

«Бұл сапарға дейін де көлігіме көңілім толатын. Бірақ экспедициядан кейін оны бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеттім. Ең бастысы – осы көлік мені саяхатқа құмар, ортақ қызығушылығы бар көптеген адамдармен таныстырды», – дейді ол.

Бір айға жуық уақыт жолда жүрген қатысушылар елге бұрынғыдан өзгеше көңіл күймен оралды. Артында төрт мемлекет, мыңдаған шақырым жол, Каппадокиядағы таңдар, Қазбек шыңы, Жерорта теңізі жағалауындағы жолдар, кездейсоқ кездесулер мен ұмытылмас естеліктер қалды.

Олардың айтуынша, бұл экспедиция бір сапардың аяқталуы емес, жаңа бағыттардың бастамасы болды. Төрт елді кесіп өткен шамамен 14 мың шақырым Jetour көліктерінің сенімділігін дәлелдеді. Бірақ ең маңызды нәтиже одометрдегі көрсеткіш емес еді. Бұл саяхат жаңа достар сыйлап, ортақ қауымдастықты нығайтып, автосаяхаттағы ең жарқын әсерлердің көркем жолдардан ғана емес, жол үстінде кездескен адамдардан да қалыптасатынын тағы бір рет көрсетті.