Алматыда жалға пәтер беретін әйелдер төбелесі видеоға түсіп қалды

Алматыда жалға пәтер беретін әйелдер төбелесі видеоға түсіп қалды


Алматыда жалға пәтер беретін әйелдердің төбелесі видеоға түсіп қалды. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі krispi_kazakhstan-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"23.10.22, таңғы 6-лар шамасы. Абылай хан - Райымбек. Мас әйелдер шабуыл жасады, жергілікті тұрғындар мұндай төбелес жиі болатынын жазып жатыр", - делінген видео сипаттамасында.

Таяқ жеген әйел полицияға жүгінген.

"Алмалы аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, Т. есімді әйелдің арызы тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Одан әрі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы бойынша іс жүргізу материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілдері.