Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінгендерін хабарлауда, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желілер мен тұрғын үй чаттарында жазылып жатыр. Әзірге сейсмологтар мен Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан ресми ақпарат жарияланған жоқ.
4 маусым сағат 21:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі орын алды. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда.
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді.
Ақпарат толықтырылады.