Алматыда жантүршігерлік жол апаты: екі қыз оқиға орнында көз жұмды

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: екі қыз оқиға орнында көз жұмды
zakon.kz

Алматыда екі жеңіл көлік соқтығысып, екі қыз оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеде сағат 03:10 шамасында Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Suzuki автокөлігінің жүргізушісі кері бұрылмақ болған сәтте қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Suzuki жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал көліктегі тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

– Екі адамның қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.

Тергеу амалдары жалғасуда.