Алматыда жаңғыртылған коммуналдық базар ашылады

Алматыда жаңғыртылған коммуналдық базар ашылады
Алматы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында қаладағы алғашқы жаңғыртылған коммуналдық базар ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ult.kz.

«Қазақфильм» шағынауданында орналасқан нысан шамамен 100 сауда орнына есептелген. Қазіргі уақытта мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары мен аумақты көркейту аяқталуға жақын.

Базар Алматының дизайн-кодына сай бірыңғай стильде безендіріледі. Мұнда жабық және ашық сауда орындары, қоғамдық тамақтану нүктелері, санитарлық тораптар, автотұрақ, аялдама кешені және қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.

Жабық бөлікте отандық тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Ал ашық алаңда фермерлер қатысатын демалыс күнгі жәрмеңкелер ұйымдастырыла береді.

Нысанды жаңғырту жұмыстары жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылуда. Бұл ретте, базардың әлеуметтік бағыты сақталады.