Freedom Inside '26

Алматыда үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның сүйегі табылды

Алматыда үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның сүйегі табылды
Фото: freepik

Алматының Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Ult.kz dalanews.kz cайтына сілтеп. 

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, марқұм кім екенін анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша ол тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізген және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған.

Полиция жедел іздестіру шаралары барысында үй иесін ұстады. Оның айтуынша, ер адам әзірге нақты анықталмаған жағдайда ауыр жарақат алған. Алайда күдікті оқиға туралы құзырлы органдарға хабарламай, сүйекті жертөлеге жасырып қойған деген болжам бар.

Бұл дерек бойынша адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.