Алматының Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма ғимаратынан өрт шықты. Қазір өрт жоғары шақыру деңгейі бойынша сөндіріліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қойма ғимаратында болған. Оқиға орнына жедел штаб құрылып, өртті оқшаулау және оның таралуына жол бермеу үшін бірнеше өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылған.
Өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.