Алматыда Mercedes жүксалғышынан автомат пен тапанша табылды

Алматыда Mercedes жүксалғышынан автомат пен тапанша табылды
instagram/almaty_police_department

Алматы қаласындағы "Рубеж" стационарлық бекеттерінің бірінде полиция қызметкерлері күдікті көлікті тоқтатып, оның жүксалғышынан қаруға ұқсас заттарды тәркіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes автокөлігін 45 жастағы ер адам басқарған. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан құрылымы жағынан атыс қаруына және арнайы құралдарға ұқсас бірнеше зат анықталған.

Жедел бейнежазба кадрларынан Калашников автоматына ұқсас қару, тапанша, пышақ, кастет және басқа да заттардың табылғаны байқалады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты шығу тегі мен қолданылу мақсатын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.