Алматыда қалың қардың кесірінен ағаштар құлады

Алматыда қалың қардың кесірінен ағаштар құлады

Алматыда толассыз жауған қарлы жаңбырдың салдарынан ағаштар құлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Абай мен С.Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан метеостанцияның хабарлауынша, қалада 16 мм жауын-шашын түскен, қар жамылғысының биіктігі 7 см-ге жетті. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болды. 

Секундына 2 метр жел соғып, ауа температурасы Цельсий көрсеткіші бойынша 0,2 градус болды. 

Қалалық ТЖД-ның кезекші нөміріне бұтақтар мен ағаштар құлағаны туралы 8 қоңырау түскен. Алматы қаласы Құтқару қызметінің жедел кезекшісінің ақпараты бойынша, үш жерде құлаған ағаш 4 автокөлікті басып қалған. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға Алматы қаласы Құтқару қызметінен 5 арнайы техника мен 17 адам жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан адамдар жапа шеккен жоқ.